00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

51 желтоқсаншы Астананың қоғамдық көліктерінде тегін жүретін болады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
51 желтоқсаншы Астананың қоғамдық көліктерінде тегін жүретін болады
ашық дереккөз

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 51 астаналық қала автобустарында тегін жүретін болды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы мәслихатының кезекті отырысында осындай шешім қабылданды. 

Комиссияның қарауына мынадай құқықтық-нормативтік актілер ұсынылып отыр: бірінші –азаматтардің жекелеген санатына қаладағы маршруттық автобустардың жол ақысынан босату түріндегі әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы. Бұл санатқа біз 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандарды қосамыз. Ол өзгеріс 51 адамды қамтиды және бюджетке соншалықты әсер етпейді. Қолдауларыңызды сұраймын, - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб.

Мәслихат депутаттары ұсынылған шешімді бірауыздан қолдап, дауыс берді.