00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полиция басшысы азаматтарды қабылдады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полиция басшысы азаматтарды қабылдады
ашық дереккөз

Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Марат Төлебаев азаматтарды қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.  

Тұрғындар басшыға шағым, өтініш және талап-тілектерімен тікелей жүгінді. Елордалық полиция басшысы барлық туындаған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, өтініш білдірген азаматтарға олардың мәселелерін шешу жолдарын айтып кеңес берді. Көтерілген мәселелерге қатысты тиімді шешімдер қабылдау мақсатында қызмет басшылары да қатысты. Жалпы жеті азамат қабылданды. Әрқайсысы қойылған сұраққа толық жауап алды.

Азаматтар негізінен алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу мәселелері бойынша жүгінді, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің желісі бойынша сұрақтар қойылды. 

Елордалық полиция бастығы азаматтардың барлық өтініштеріне жедел және сындарлы жауап беруге қатысты бірқатар нақты фактілер бойынша басшыларға тиісті тапсырмалар берді. Қосымша зерттеуді қажет ететін іс материалдарды департамент басшысы жеке бақылауға алды.