00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада Республика күніне орай экологиялық акция өтті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Республика күніне орай экологиялық акция өтті
ашық дереккөз

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары Республика күнін мерекелеуге орай қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар экологиялық іс-шараларды ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін елорданың Ботаникалық бағында Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай «Есіл» ауданының әкімі Асылбек Есенбаевпен бірге қарағай ағаштарын отырғызды.

Экологиялық даму және қоршаған ортаны қорғау еліміз үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан «жасыл талдар» акциялары барлық азаматтарға жақсы дәстүрге айналуы тиіс, - деп Сәбит Нұрлыбай атап өтіп, қатысушылардың барлығына алғысын білдірді.

Өз кезегінде аудан әкімі Асылбек Есенбаев әрбір азаматтың елорда келбетін сақтауға және дамытуға, әр азаматтың осындай экологиялық іс-шаралар арқылы қатыстысуының маңыздылығын атап өтті.

Осындай акцияларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары әкімдіктермен бірге еліміздің бірқатар басқа өңірлерінде ұйымдастырды. Қалалардың көшелерін және әкімшілік ғимараттардың аумақтарын тазарту бойынша сенбіліктер өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты экологиялық сана мен мәдениет деңгейін арттыру, қалаларда тазалықты сақтау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігі болып табылады.