00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Отау ТВ» приставкасын ұрлаған 27 жастағы жігіт ұсталды

31 наурыз, 2023
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Астанада «Отау ТВ» приставкасын ұрлаған 27 жастағы жігіт ұсталды
ашық дереккөз

Елордалық полицейлер Отау ТВ» приставкасын ұрлаған 27 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сарыарқа»  ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 27 жастағы жігітті ұстады.Тергеу барысында полицейлер ер адамның Дүкенұлы көшесіндегі жатақханада тұрып, бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып, жалпы залдан құны 14 мың теңге тұратын «Отау ТВ» приставкасын ұрлап әкеткенін анықтады, - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті кінәсін мойындады және одан заттай дәлелдемелер алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері азаматтарды сақ болуға шақырады.