00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Кувейтте топ жарған елордалық апалы-сіңлілі жеңіл атлетшілер елге оралды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Кувейтте топ жарған елордалық апалы-сіңлілі жеңіл атлетшілер елге оралды
ашық дереккөз

Астаналық апалы-сіңлілі Колодалар бүгін Азия чемпионатынан бір күміс бір қоламен елге оралды, деп хабарлады Elorda.info.

Чемпионаттың жүлдегерлерін теміржол вокзалынан қалалық спорт басқармасының өкілдері мен жақындары ыстық ықыласпен күтіп алды.  

Бұл жеңісті барша қазақ халқының жетістігі деп білемін. Барлығына, оның ішінде Астана қаласының әкімдігіне және қалалық спорт басқармасына қолдау көрсеткені үшін алығысымды айтқым келеді. Қашан да елордалық спортшыларды қолдап, осылай күтіп алғанына ризашылығымды білдіремін, - дейді 4-ші Азия чемпионатының күміс жүлдегері  Анастасия Колода.

 Еске сала кетейік, 13-16 қазан күндері Кувейт қаласында 30 мемлекеттен 400-ге жуық жеңіл атлетші өзара бақ сынады. Дүбірлі Азия чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 27 спортшы қатысты. Олардың арасында елордалық апалы-сіңлілі Колодалар да бар. Атап айтқанда, 400 м кедергілер арқылы жүгірген Анастасия Колода қарсылас шақ келтірмей, күмісті еншіледі. Ал, Екатерина Колода осы қашықтықта 4-орыннан көрінді.

Жарыс қортындысы бойынша Қазақстан құрамасы U18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль салып, жалпы командалық есепте бесінші орынға табан тіреді.