00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жол талғамайтын көлік 16 жастағы қызды қағып кетті

31 наурыз, 2023
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Елордада жол талғамайтын көлік 16 жастағы қызды қағып кетті
ашық дереккөз

Астанада 37 жастағы көлік жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін таңғы сағат 07.49-да Range Rover автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Тұран даңғылы жағынан Е-32 көшесімен Е-15 көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 16 жастағы қыз бағдаршам жұмыс істемейтін белгіленген жерде жолдың жүріс бөлігін кесіп өтіп бара жатқан, - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша қазіргі кезде анықтау жүргізіліп жатыр.

Аталған қиылыстағы бағдаршам дизельді генераторлық құрылғының техникалық ақаулары себебінен тоқтан ажыратылғандығы анықталды. Тексеру барысында ақаулар жойылды және сағат 07:55-те бағдаршам тоққа қосылды, - деп жазылған хабарламада.