«Атамекен» ҰКП: Президент тапсырмасымен жаңа қаулы әзірленіп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Атамекен» ҰКП: Президент тапсырмасымен жаңа қаулы әзірленіп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122247735664842.webp)
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров елдегі төтенше жағдай кезінде мемлекеттің шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау шаралары мен кәсіпкерлерге жасаған салық жеңілдіктері жайлы айтып, жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Ең үлкен мәселе - салықтық ынталандыру шаралары. Өздеріңізге белгілі, үкімет салықтық ынталандыру бойынша екі қаулы қабылдады. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасымен тағы бір жаңа қаулы дайындалып жатыр. Оның ішіне еңбекақы төлеу қорынан төленетін салықтар мен әлеуметтік аударымдардан босату туралы талаптар енгізілген. Бұның ішінде төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылатын жарналар бар. Жаңа қаулы бір-екі күнде шығады деп күтіп отырмыз», - деді Ербол Өстеміров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)