Елордада оқу құралдарының тұсаукесер рәсімі өтті
Астана қаласында Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназиясында 9 әдістемелік кешен, 26 оқу-әдістемелік құралдың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info. Тұсаукесер рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ білім саласының өкілдері қатысты.
Кітап лентасын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты – Жұлдыз Сүлейменова, Астана қаласы білім басқармасының басшысы – Қасымхан Сенғазыев, Республикалық білім мазмұнын сараптау ғылыми-әдістемелік орталығы бас сарапшысы – Қайрат Амангелдіұлы қиды.
Оқулықтардың жарыққа шығуына атсалысқан ұстаздарға Білім басқарамасының басшысы арнайы Алғыс хат табыстап, ұстаздарға ерекше ілтипат білдірді.
9 әдістемелік кешен мен 26 оқу-әдістемелік құралды жазып шыққан мамандарға ерекше алғыс айтамын. Сіздер – қазақ білім саласының даму жолында өз уақытыңыз бен көз майын құрбан етіп жүрген жансыздар. Көбісі «құрбандық» дегенде екінші мағынасын түсініп жатады. Бірақ баланың білім алуы жолында өзінің алтын уақытын қию – нағыз құрбандық, – деді журналист Амангелді Құрметұлы.
Сондай-ақ іс-шара аясында Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназиясындағы «Мағжан дәірсханасының» ресми ашылу салтанаты өтті. Жаңа дәрісхананың лентасын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағанбетова қиды.