Ел астанасында соңғы екі күнде 34 адамнан коронавирус табылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ел астанасында соңғы екі күнде 34 адамнан коронавирус табылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122276427644195.webp)
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова соңғы екі күнде тіркелген науқастар саны мен экспресс-тесттің әсері жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Соңғы екі күнде жаңадан 34 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте, яғни 15 сәуірде 15 оқиға тіркелді. Бұл ауру көрсеткішінің 5,3 пайызын құрайды. Ал 16 сәуірде 19 жағдай анықталды. Өз кезегінде бұл ауру көрсеткішінің 6,4 пайызын құрайды. Олардың ішінде 4 оқиға стационарда соңғы бірнеше күн бойы пневмония күдігі бойынша жатқаннан кейін анықталды», - дейді басқарма басшысы. Ол сөз арасында экспресс-тест арқылы анықталғандар да бар екенін мәлім етті. «Науқастардың арасында 1-еуі мониторинг барысында экспресс-тест арқылы тіркелді. Провизорлық стационарға жатқызылғаннан кейін оның инфекция жұқтырғаны нақтыланды. Ал 11 оқиға коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандардан табылды. Олар – отбасы мүшелері мен жұмыстағы әріптестері. Осыған дейін күдікке ілінгендер оқшауландырылып, тексерістен өткізілді. Қазір ауруханаларға жатқызылды», - дейді Сәуле Қисықова.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)