Қазақстан мен Мажарстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан мен Мажарстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122251922906234.webp)
Бүгін Мажар тарапының бастамасымен ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2020 жылы 10 сәуірде бейне-конференция форматында өткен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің кезектен тыс Саммитінің қорытындылары келіссөздердің негізгі тақырыбына айналды. Атап айтқанда, қазіргі COVID-19 пандемиясы жағдайында түркітілдес елдердің өзара әрі қарай белсенді әрекеттестігі сөзге тиек болды. Мажар тарапы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрші мемлекеттер – Қырғызстан мен Тәжікстанға 5 мың тонна ұн жеткізу арқылы гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімін жоғары бағалады. Сұхбат барысында тараптар мәселелердің кең аясы бойынша стратегиялық әріптестікті қарқындатуға келісіп, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлді.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)