Елорда полициясы жеке кәсіпкерлердің карантин ережесін бұзғанын анықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда полициясы жеке кәсіпкерлердің карантин ережесін бұзғанын анықтады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласына енгізілген карантиндік шектеулерге қарамастан астана тұрғындары заңбұзушылық әрекеттерін тоқтатпай отыр. Жол полициясы қызметі бірнеше оқиғаны анықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Астананың Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде жұмысын тоқтатпаған екі автожуу орнын анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды («Төтенше жағдай режимін бұзу»). Әкімшілік хаттама бойынша 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаны немесе айыппұл көзделген. Сол жағалаудағы полиция қызметкерлері ВАЗ 21144 автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 476 бабы бойынша хаттама толтырылып, көлік құралдарының қозғалысына қойылған шектеулерге қарамастан, мұндай әрекетімен өз отбасының денсаулығына қауіп төндірген. Сондай-ақ, карантин ережесіне қарамастан елорданың үш тұрғыны жалдамалы пәтерде массаж жасау қызметін ұсынған. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен тәртіп бұзушылар 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Карантин тәртібіндегі спа-салонның жұмысы үшін елорданың 10 тұрғыны ҚР ӘҚБК 476-бабына сәйкес айыппұл және қамауға алу түріндегі жаза алды.