54 киік атқан екі браконьердің біреуі қолға түсті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![54 киік атқан екі браконьердің біреуі қолға түсті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122257822372103.webp)
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Ақсай полиция бөлімінің кезекші бөліміне блок-бекеттерді айналып өткені жөнінде хабарлама түсті, деп хабарлайды Елорда Инфо Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
11 сәуір күні «Охотзоопром» ӨБРМ қазыналық кәсіпорнының инспекторынан рейдтік іс-шара барысында Досан ауылының тұсында екі автокөліктің қойылған блок-бекеттерді айналып өткені жөнінде хабарлама келіп түсті.
«Охотзоопромның» қызметкерлерін байқаған жүргізушілер олардан қашып құтыламыз деп, «Ланд Крузер ЛХ» маркалы автокөлігімен жақын маңдағы каналға аударылып қалған. Ал екінші күдікті автокөліктен қашып үлгереді. Оқиға орнына Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барып, автокөлікті тексеру барысында мүйіздері кесілген 54 киік, 224 дана киіктің мүйізі, 1 ұңғылы МР-155 маркалы аңшы мылтығы, патрондар, пышақ және дүрбі табылды.
Көп ұзамай полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Күдікті 34 жастағы облыс орталығының жұмыссыз тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Осы қылмысқа қатысы бар күдіктілер іздестірілуде.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)