00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада қызметтік иттер 82 қылмысты ашуға көмектескен

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада қызметтік иттер 82 қылмысты ашуға көмектескен
ашық дереккөз

Астана қаласының ПД Кинологиялық қызмет орталығы арнайы дайындалған иттерді қылмыстардың алдын алу және ашу, қылмыскерлерді іздестіру және ұстау, қоғамдық тәртіпті сақтауда пайдаланады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық полиция қызметінде 60-тан астам қызметтік іздестіру иттері бар. Олардың арасында неміс, бельгиялық овчарка мен төбеттер бар. Арнайы жаттығу курсынан кейін ит белгілі бір қызмет түріне қажетті арнайы дағдыларды дамытады. 

Жыл басынан бері қызметтік іздестіру иттері 2 мыңнан астам, соның ішінде есірткі құралдарын іздеуде 300-ге жуық рет пайдаланылған. Сонымен қатар, қызметтік иттер ұрлық, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, кісі өлтіру және тонау сияқты қылмыстарды ашуға ықпал етті. Кинологтар үнемі өздерінің үй жануарларымен әскери полиция бөлімшелерімен жедел іздестіру және рейдтік іс-шараларға қатысады, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында. 

Сондай-ақ, «Қылмысқа тосқауыл» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында елорда аумағында «гашиш» сатып жүрген Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Қызметтік іздестіру иті салмағы 13 келіге жуық есірткі заты салынған сөмкені тапты.

Сонымен қатар, полицияға қала тұрғынынан кәмелетке толмаған баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. 14 жасар қыз үйден шығып кетіп, оралмаған. Баланың киімінің иісінен ит тез ізіне түсіп, полицейлерді көрші аулаға алып келіп, олар жоғалған адамды тауып алған.