Қазақстанда төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды
ашық дереккөз

ҚР Президенті елімізде төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Қаулы қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо Akorda.kz-ке сілтеме жасап. «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.