00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 20 өрт сөндіруші марапатталды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада 20 өрт сөндіруші марапатталды
ашық дереккөз

Астанада Қостанай облысында өрт сөндіріп, жанқиярлық көрсеткен 20 құтқарушы марапатталды, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың арасында өрт сөндірушілер, ішкі істер органдарының және әскери қызметкерлер мен еріктілер бар. Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен жанқиярлығы мен батылдығы үшін мемлекеттік награда «Ерлігі үшін» медалі табыс етілді.

Сонымен қатар 48 адамға Президенттің Алғысы жарияланып ақшалай сыйақымен марапатталды.

Айта кетейік, өрт кезінде 43 мың гектар орман алқабы жанып кетті. 12 адам зардап шегіп, бір адам опат болған еді.