00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана әуежайының табысы 1,6 млрд теңгеден асты – әуежай өкілі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана әуежайының табысы 1,6 млрд теңгеден асты – әуежай өкілі
ашық дереккөз

Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзин айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша табыс 68 млрд теңге деңгейінде болады деген болжам бар.  Бұл 2021 жылға қарағанда 15,8 пайызға жоғары.

Елдер арасындағы шекаралардың жабылуы кезеңінде көптеген авиакомпаниялар біздің әуежайды Еуропадан Азияға транзиттік аялдама ретінде пайдалана бастады. Мультимодальды және транзиттік жүк тасымалына басымдық беруіміз дұрыс шешім болды. 2021-2022 жылдардағы кірістердің шамамен 70 пайызына әуежайды транзиттік жүк рейстеріне қызмет көрсетуге қайта бағыттау арқылы қол жеткізілді, - деді Д.Хамзин.