Министр 42 500 теңгеге өтініш беру кезіндегі қателіктер туралы түсіндіріп берді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Министр 42 500 теңгеге өтініш беру кезіндегі қателіктер туралы түсіндіріп берді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122753213530360.webp)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі көмекті алуға қанша адамнан өтініш түскені, сондай-ақ, өтінім жіберу барысындағы қателіктер туралы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазір 3 млн 700 мыңнан астам адамнан өтініш түсті. Бірақ өтініштердің саны 5 млн-ға жуықтап қалды. Осының бәрін тексере келгенде біраз адам өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) дұрыс көрсетпегенін анықтадық. Ол дұрыс көрсетілмесе, ондай адам жоқ дегенді білдіреді. Қате жібергендерді қайтаруға мәжбүрміз. ЖСН нөмірін қате жіберген 60 мыңнан астам анықталды», - дейді министр. Біржан Нұрымбетов өз сөзінде есеп-шоттарын қате жібергендер де бар екенін мәлім етті. «Екіншісі, есеп-шоттарыңызды дұрыс көрсетпей жатырсыздар. Басқа адамның есеп-шотын көрсетіп жатқандар бар. Сондай-ақ, мүлдем атымен жоқ, жабылып кеткен «Наурыз» банк секілді банктердің шоттарын жіберіп жатқандар кездеседі. Әрине, мұндай шоттарға біз аудара алмаймыз. Мұндай қателік 83 мыңнан астам адамнан анықталды», - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Сонымен қатар, не себепті баласының немесе жақындарының шотына аударуға рұқсат етілмейтінін түсіндіріп берді. «Бұл мәселені басқа жағынан көрейікші. Алаяқтар орта жолдан пайдаланып кетуі мүмкін. Мысалға алаяқтар аты-жөніңізді, ЖСН нөміріңізді тауып алып, оған өзінің карта нөмірін көрсетіп, сіздің атыңыздан өтініш жіберсе, өзіңізге тиесілі ақшаны алып кетуі мүмкін», - деп себебін түсіндірді ведомство басшысы.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)