ASSYLTAS қоғамдық қоры 200 отбасыға жәрдемдеседі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ASSYLTAS қоғамдық қоры 200 отбасыға жәрдемдеседі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122741917917803.webp)
ASSYLTAS қоғамдық қоры еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қиындыққа тап болған (көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға және әкелерге) 200 мұқтаж отбасыға 25 000 теңгеден қаржылай көмек үлестіреді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
3 күн бұрын қордың бастамасымен қайырымдылық акциясы басталып, көпшіліктің көмегі арқылы 1 236 768 теңге жиналған. Қаржы жинауға 351 адам жәрдемдескен. Қазіргі таңда ASSYLTAS қоғамдық қоры жиналған қаржыны екі еселеп, тағы 100 отбасыға көмек қолын созатын болды.
«Үш күн бұрын біз бұл акцияны бастаған кезде қанша ақша жиналса, үстіне сонша қаржы бөлетінімізді айтқанбыз. Халықтың ықыласы кең екен, қайырымды жандардың арқасында біз енді, міне, 100 отбасыға көмектесе аламыз, өтініштердің көптігіне байланысты қор құрылтайшысы Дулат Тастекеевпен кеңесе келе, біздің қор тағы 100 отбасыға қаржылай көмектеспек. Яғни, 200 отбасыға 25 000 теңгеден үлестіреміз», – деді ASSYLTAS қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Оқас.
[caption id="attachment_8866" align="alignnone" width="696"] Фотода ASSYLTAS қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Оқас[/caption]
Көмек алу үшін қоғамдық қордың электронды поштасына 1000-нан астам хат келіп түскен. Қор қызметкерлері алдағы 3 күнде өтініштерді қарастырып, мұқтаж 200 адамның тізімін жасайды.
Айта кетсек, ASSYLTAS қоғамдық қоры 2018 жылы құрылған. Қор мәдениет, өнер, спорт салаларын қолдаумен, көпбалалы аналарға көмек көрсетумен айналысады.
Сондай-ақ аталған қор Қанат Ислам, Жәнібек Әлімханұлы, Ерасыл Қажыбаев сынды танымал спортшылардың демеушісі болған. Жыл сайын қордың ұйытқы болуымен республикалық ақындар айтысы өткізіліп тұрады.
Екі жылдан бері спорт, ғылым, журналистика және әдебиет саласында жүрген азаматтарға ASSYLTAS стипендиясы тағайындалуда.
Қазіргі таңда қордың қаржыландыруымен Семей қаласындағы Орталық мешіттің құрылысы жүргізіліп жатыр.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)