Полицияға граната жарылатыны туралы әзілдеп хабарлаған жасөспірім қолға түсті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Полицияға граната жарылатыны туралы әзілдеп хабарлаған жасөспірім қолға түсті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122762643955819.webp)
Өткен жұма күні Нұр-Сұлтан қалалық ЖП жедел басқару орталығына белгісіз адамнан телефон қоңырауы түсіп, оның қолында граната бар екені, оның қазір жарылатынын айтқан, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 2005 жылы туған кәмелетке толмаған баланы анықтап, ұстады. Жасөспірім анасымен бірген мәселенің мән-жайын анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілді. Оның айтуынша, үйінде отырып, полицияға әзілдеп жарылатын граната туралы хабарлаған», - делінген хабарламада. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабына сәйкес («терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабының «терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» санкциясына сәйкес бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе айыруға, сондай-ақ 5 мың АЕК көлемінде айыппұл салуға жазаланады. Заңнамаға сәйкес, қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, қылмыстың бұл түрі қоғамдық резонанс тудырып, көптеген күштер мен құралдар тартылуда. Биыл елордада «телефон терроризмі» жағдайлары бойынша 3 қылмыстық іс тіркелді. Бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңінде ЖП-да 1 қылмыстық іс қозғалған болатын.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)