Арнайы жиындарға қатысқан азаматтарға әскери атақ беріле ме

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Арнайы жиындарға қатысқан азаматтарға әскери атақ беріле ме
ашық дереккөз

ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев арнайы жиындарға қатысқан әскери міндеттілерге әскери атақ беріле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Кезекті әскери атақтар беріледі. Бұны жиындар қорытындысы бойынша тиісті қолбасшылық шешеді. Солардың өтініші бойынша ғана жергілікті әскери басқарма шешім қабылдайды», - деді Серік Боранбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.