Ауыл шаруашылығы техникасының 98%-ы көктемгі дала жұмыстарына дайын
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ауыл шаруашылығы техникасының 98%-ы көктемгі дала жұмыстарына дайын](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122755740841544.webp)
Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров 2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Вице-министрдің мәліметінше, 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 22,5 миллион гектарды құрайды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алаңы 15,2 миллион гектар, соның ішінде бидай алаңы – 11,4 миллион гектар. Майлы дақылдардың жоспарланған алаңы 3 миллион гектарды құрайды, ол өткен жылмен салыстырғанда 122 мың гектарға көп. Көкөніс-бақша дақылдары мен картоп алаңы 19 мың тонна, азықтық дақылдар алаңының 309 мың гектарға өсуі қамтамасыз етіледі. Техникалық дақылдардың (қант қызылшасы, мақта, темекі) алаңы 132 мың гектарды құрайды. «Қарақұмық алаңын 30 мың гектарға көбейту жоспарланып отыр. Бұл осы дақылға деген қажеттілігімізді толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы туралы айтсақ, облыс әкімдіктерінің деректеріне сай, ауыл шаруашылығы техникасының 98%-ы көктемгі дала жұмыстарына дайын. Жұмыстар басталғанға дейін техника 100% дайын болады деп жоспарланып отыр. Көктемгі егіс жұмыстарын уақытында жүргізу үшін ақпан-маусым айларына 387 мың тонна дизель отыны бөлінді», - деді Айдарбек Сапаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)