Елордада азық-түлік қоры жеткілікті – Е.Бекмұрзаев

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада азық-түлік қоры жеткілікті – Е.Бекмұрзаев
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев елордадағы азық-түлік қорының жеткілікті екенін, тауар тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Карантин енгізілген сәттен бастап елордаға 3 800 жүк көлігі 40 мың тоннаға жуық тауар жеткізді. Оның ішінде азық-түлік өнімдері 14 315 тоннаны құрайды. Бұл желілер мен базарлардың қазіргі сатылым көлеміне сәйкес келеді. Қаладағы А классты қоймалардың саны бесеу. Одан бөлек 7 көкөніс қоймасы бар. Олардың барлығында да азық-түлік қоры жеткілікті. Күні кеше Мемлекет басшысымен бірге сол ірі қоймалардың бірінде болдық. Тауар тапшылығы байқалмайды. 19 позициядағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қазіргі көлемі – 30 мың тонна. Оның 25 мың тоннасы жоғарыда айтылған қоймаларда және 5 мың тоннасы қалалық тұрақтандыру қорында сақталуда», – деді басқарма басшысы.