Елімізде 2,4 миллион оқушы интернет арқылы қашықтан оқуға көшті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде 2,4 миллион оқушы интернет арқылы қашықтан оқуға көшті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212278279490285.webp)
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов төртінші тоқсандағы білім жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бүгін елімізде оқушылар үшін төртінші тоқсан басталды. Бұл тоқсан біз үшін өте ерекше. Өйткені қашықтан оқыту форматы бойынша алғаш рет оқуды бастап отырмыз. Қысқа мерзім ішінде дайындық жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Бірнеше рет әріптестерімізбен, ата-аналармен осы мәселе туралы талқылау өткізіп, жұмыс жүргіздік. Білім саласы үшін, барлығымыз үшін бұл үлкен емтихан әрі мүмкіндік. Осы тәжірибеден кейін білім саласы өзгеретіні айдан анық. 3,2 миллион оқушы біздің оқуды бастады. Олар әртүрлі бағыт бойынша оқиды. Кейбіреуі интернет желісі бойынша, басқа оқушылар теледидар арқылы оқуларын бастап отыр», - деді А.Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Министрдің айтуынша, оқу бірнеше интернет платформа арқылы жүзеге асып жатыр. Жалпы, интернетті қолданып, қашықтан оқуға көшкендердің саны – 2,4 миллион оқушы. Күнделік.кз-ке бір күннің ішінде 2,2 миллион оқушы кіріп, жұмыс жасаған.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)