Елімізде қанша баланың коронавирус жұқтырғаны анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде қанша баланың коронавирус жұқтырғаны анықталды
ашық дереккөз

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде қанша баланың коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бүгінгі күні балалар арасында 45 жағдай тіркелді. Олардың төртеуі ауруханадан шығарылды. Жалпы, балалардың халі жақсы, ауруы жеңіл деңгейде», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Бұған дейін Нұр-Сұлтанда 28 адамның коронавирусты шетелде жұқтырғаны белгілі болды.