16 мың медицина маманы жұмылдырылды, 10 мыңы резервте – А.Есмағамбетова
Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова медицина мамандарының жалпы дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгінде еліміздегі коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған стационарлардағы орындардың 21 пайызы бос емес. Ең көп жүктеме Алматы қаласы (43 пайыз) мен Атырау облысында (35 пайыз) болып отыр. Ал дайындық туралы айтатын болсақ, қазіргі уақытта 16 мың медициналық маман жұмылдырылды. Резервте тұрғандар саны 10 мыңды құрайды. Сонымен қатар айта кету керек, карантин режиміне байланысты барлық медициналық ұйымдардағы жоспарлы медициналық көмек көрсету шектелді. Алдағы уақытта қажет болған жағдайда медициналық ұйымдардағы бұл топ та іске кірісетін болады. Алайда олар тек коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген науқастарға ғана көмек көрсетеді», – деді бас санитар дәрігері.