«42500.enbek.kz» сайтында электрондық поштаны көрсету міндетті емес - министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«42500.enbek.kz» сайтында электрондық поштаны көрсету міндетті емес - министр
ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500.enbek.kz сайтында электрондық пошта мекенжайы дұрыс енгізілмейтін жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мұндай сұрақтар болды. Бұл мәселені бүгін өзімнің цифрландыру жөніндегі вице-министріммен талқыладық. Негізі, электрондық поштаны көрсету міндетті емес. Егер «сіздің электрондық поштаңыз дұрыс емес» деп шықса, бұл жолды толтырмай-ақ қойыңыз», - деді Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.