42 500 теңгеге өтініш бергендердің арасында 1 млн-ға дейін табысы бар азаматтар болды – министр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![42 500 теңгеге өтініш бергендердің арасында 1 млн-ға дейін табысы бар азаматтар болды – министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122782025554550.webp)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге болатын әлеуметтік төлемге өтініш бергендердің арасында алаяқтардың да кездесіп жатқанын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Алғашқы күні өтініш берген 412 мың адамға тексеріс жасап көрдік. Соның ішінде 1 873 адам табысынан айырылғаны туралы өтініш берген. Бірақ біз өзіміз ақпарат жүйелерін тексеріп көрсек, қаңтар, ақпан, наурыз айларында орта есеппен 500 мыңнан жоғары 1 млн-ға дейін азаматтар болды. Кешіріңіздер, бірақ сіздерге бұл 42 500 теңге төленбейді», - деп ведомство басшысы нықтап айтты. Министр өз сөзінде "Жеке кәсіпкерлігі бар азаматтарға да әлеуметтік жәрдемақы төлене ме?" деген сауалға жауап берді. «Тағы бір ескертіп айтарым, басқа жұмысы бар, бірақ болашақта керек болып қалар деп жеке кәсіпкерлік (ЖК) ашып қойған кісілер де бар екен. Ал қазір жұмыс істеп жүр, тұрақты жалақысы бар. Олар ақыры беріп жатыр ғой деп ЖК арқылы өтініш бергені дұрыс емес. Ол да бізде ақпараттық жүйеде бар. Мұндай өтініштер өтпейді», - дейді Б.Нұрымбетов.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)