42 500 теңге: Бүгінге дейін 1 млн 284 мың өтініш 938 мың адамнан ғана түсті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![42 500 теңге: Бүгінге дейін 1 млн 284 мың өтініш 938 мың адамнан ғана түсті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122782910563332.webp)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтініш беру кезіндегі қателіктерді айта отырып, ескерту жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Жәрдемақыға өтініштер беру кезіндегі қателіктерге ескерту айтқым келіп отыр. Бүгінге дейін 1 млн 284 мың өтініш түсті. Бірақ оның бәрі 938 мың адамнан ғана түсті. Ол дегеніміз бір адам бірнеше рет өтініш беріп жатыр. Мүмкін қателескендер де бар шығар. Ал егерде азаматтар екі-үш рет өтініш беріп, екі-үш төлем аламын десе қателеседі. Оны біздегі ақпараттық жүйе өзі реттеп алады», - дейді министр. Ведомство басшысы сөз арасында әлеуметтік жәрдемақының негізгі мәніне тоқталып өтті. «Өтініш берген кезде тағы да айтарым, 42 500 теңгенің негізгі мәні – жұмыс істеп жүріп, төтенше жағдайдың салдарынан табысынан айырылған азаматтарға қарастырылған. Сондықтан мынау порталға өтініш берген кезде ең төмен жағында жазба тұр. «Иә, мен жұмыс істеп жүріп, ТЖ-ға қатысты табысымнан айырылғанымды растаймын және өзіме жауапкершілікті аламын» деген сөз бар. Біз осы әлеуметтік жәрдемақыны ресми немесе бейресми жұмыс істеп жүріп, табысынан айырылған азаматтар алса екен дейміз», - дейді Б.Нұрымбетов.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)