«Ордабасы» еурокубоктық ойындардан шеттетілмейтін болды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Ордабасы» еурокубоктық ойындардан шеттетілмейтін болды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122789221625754.webp)
Шымкенттің «Ордабасы» командасы алдағы маусымнан бастап UEFA-ның барлық турниріне қатысатын болды. UEFA-ның клубтар бойынша қаржылық бақылау арбитраждық палатасы осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо аталған ұйымның сайтына сілтеме жасап. Осыған дейін UEFA өз кезегінде «Ордабасы» клубынан төлемдер бойынша проблемаларға қатысты қатаң талап қойған болатын. Онда өткен жылдың 30 қыркүйегіне дейін барлық берешектермен есептескені жөнінде 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін толық дәлелдеуі тиіс екені тапсырылған. Өз кезегінде Шымкенттің командасы 2019 жылдың желтоқсан айында өздеріне қойылған барлық талапты орындады. Нәтижесінде енді олар 2020/21 және 2021/22 маусымдарындағы еурокубок ойындарына қатысатын болады. Былтыр «Ордабасы» Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде үшінші орынға табан тіреген. Биыл бұл ұжым Еуропа лигасында бақ сынайды. Айта кетейік, биыл Қазақстан атынан елордалық «Астана» Чемпиондар лигасында, Алматының «Қайраты» мен Қызылорданың «Қайсары» Еуропа лигасында сынға түседі.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)