Ғаламтор арқылы өтініш жіберген 60 мың қазақстандық әлеуметтік көмекке қол жеткізді  – Жұмағалиев

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ғаламтор арқылы өтініш жіберген 60 мың қазақстандық әлеуметтік көмекке қол жеткізді  – Жұмағалиев
ашық дереккөз

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Асқар Жұмағалиев онлайн брифингте enbek.kz порталының қызмет көрсетуі тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Электронды Үкімет порталы арқылы 450 мың қазақстандық 42 500 теңгелік әлеуметтік жәрдемақы алу жөнінде өтініш жіберді. Оның 76 мыңы оң жауап алды. 60 мыңға жуық азаматтың банктік картасына тиісті қаржы түсті. Сонымен қатар 238 мың азаматқа әлеуметтік көмек алу үшін тиісті органға IBAN есеп-шотын жіберу керектігі жөнінде смс-хабарлама жіберілді. Енді бізге келіп түскен есеп-шоттарды біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жөнелтеміз. Enbek.kz сайтының үлкен жүктемені көтере алмай уақытша істен шыққан болатын. Алайда ІТ клмпаниялар көмекке келіп, бүгінде бұл портал жұмысын жалғасттырып жатыр. Сол үшін де ІТ компанияларға өз атымнан ризашылығымды білдіремін. Айта кету керек, бұл порталдың қуаттылығы шексіз емес. Сондықтан түсіністік танытқан дұрыс. Дегенмен біз бұл порталдың қызмет көрсету сапасын ұдайы бақылауда ұстаймыз», – деді А.Жұмағалиев.