Пандемия қашанға дейін созылуы мүмкін – министр жауабы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Пандемия қашанға дейін созылуы мүмкін – министр жауабы
ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов эпидемияның жаз бен күз айларында да таралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясына пікір айтып, болжам жасайтын сарапшылар көбейіп кетті. Соның ішінде денсаулық сақтау саласына қатысы жоқ сарапшылар да бар. Түрлі болжамдар айтылып жатыр. Алайда біз бірінші кезекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен және өзге де елдердің Денсаулық сақтау министрліктерімен және зерттеу орталықтарының мамандарымен тығыз байланыстамыз. Негізгі болжам бойынша әр мемлекет карантиндік шараларды қолға алудың арқасында 3 айдың ішінде инфекцияны тарату деңгейін төмендете алады. Бірақ өкінішке қарай, Қытай, Корея сияқты эпидемиядан өткен бірқатар елдерде коронавирусты жұқтырған жаңа науқастар тіркеліп жатыр. Жазғы және күзгі айларда да эпидемияның таралуы мүмкін деген болжам бар. Бізде оған Үкіметтік деңгейде алдын ала жоспарлар қарастырылып жатыр. Оған да дайын болуымыз керек. Егер карантиндік уақыт ұзаққа созылып жатса да, тұрғындар түсіністікпен қарауға тиіс. Біз өз деңгейімізде тиісті шараларды енгізетін боламыз» – деді ол.