Білім және ғылым министрі ата-аналарды қашықтықтан оқыту процесіне түсіністікпен қарауға шақырды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Білім және ғылым министрі ата-аналарды қашықтықтан оқыту процесіне түсіністікпен қарауға шақырды
ашық дереккөз

ҚР Білім және ғылым министрі министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте қашықтықтан оқыту туралы және студенттердің шәкіртақысы мен педагогтардың жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жалпы, бұл – онлайн емес, қашықтықтан оқыту. Қашықтықтан оқыту кезінде студенттердің шәкіртақысы да, мектеп пен колледждің ұстаздарының, жоғары оқу орындарының оқытушыларының жалақысы да өзгермейді. Өйткені бұл уақытта білім беру тоқтамайды», – деді министр. Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов ата-аналар тарапынан Kundelik.kz платформасындағы жарнамаларды алғызып тастау туралы өтінішіне жауап берді. Оның айтуынша, Kundelik.kz платформасы тегін болғандықтан, ондағы жарнаманы алғызып тастау министрліктің құзыретінде емес. «Kundelik.kz платформасы мұғалімдер мен оқушылар және ата-аналар үшін тегін ұсынылады. Оның үстіне мобильді қосымшасы да бар. Бұл – бизнес. Алайда мемлекет тарапынан онда қаржы төленбейтіндіктен, аталған платформадан жарнаманы алып тастау жөнінде айтуға негіз жоқ. Дегенмен платформа ұсынушылармен тек жарнама көлемін кішірейту туралы өтінішімізді білдіріп көрерміз», – деді ол. Сонымен қатар Білім және ғылым министрі сөзінің соңында ата-аналарды қашықтықтан оқыту процесінде кемшін тұстар болса, оған түсіністікпен қарап, қолдау көрсетуге шақырды.