Ұлттық музей карантин кезінде онлайн режимінде қызмет көрсетеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық музей карантин кезінде онлайн режимінде қызмет көрсетеді
ашық дереккөз

ҚР Мәдениет және спорт министрлігігің бастамасын қолдау мақсатында ҚР Ұлттық музейі карантин кезінде онлайн режимінде қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Осыған сәйкес тарихи-мәдени мұраларды насихаттау, экспонаттарды таныту және дәріптеу мақсатында "Жәдігер" жобасы қолға алынды. Арнайы дайындалған "Жәдігер" роликтері арқылы музейдің байлығы саналатын асыл құндылықтар туралы мағлұмат беріледі. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зертеу өлкетануды дамыту орталығы дайындаған бейне роликтерде еліміздің киелі жерлері туралы ақпараттар бар. Сонымен қатар музей мамандары онлайн режимінде түрлі тақырыптар бойынша дәріс оқиды. "Абайдың нақыл сөздері" де күнделікті көпшілік назарына ұсынылуда. Музейдің экспозициялық залдарымен жақын танысу үшін арнайы виртуалды экскурсия дайындалды», делінген хабарламада.