Арнаулы жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге қанша ақша төленеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Арнаулы жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге қанша ақша төленеді
ашық дереккөз

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жиындарға шақырылған азаматтарға қанша ақша төленетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Әскери міндеттілер арнаулы жиындар барысында Қарулы күштер әскери қызметкерінің статусын алады. Осыған орай, заңға сәйкес оларға әлеуметтік сипаттағы барлық жеңілдік жасалады. Олардың қатарында тамақтану, керек-жарақ және медициналық заттармен қамтамасыз ету бар. Бұған қоса, арнаулы жиындар кезінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен қызметі сақталады. Оларға мемлекет есебінен жұмыс орнындағы орташа айлық жалақы, ал жұмыссыздарға ең төменгі еңбекақы төленеді. Мысалы, әскери міндеттілер жиындарға шақырылғанға дейін 200 мың теңге жалақы алса, жиындар кезінде де ай сайын осындай көлемде ақша алады. Ал ең төменгі еңбекақы мөлшері 42 500 теңгені құрайды», - деді Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Министрдің айтуынша, арнаулы жиындар үш айға дейін жалғасуы мүмкін, бірақ мерзім өзгеруі де ықтимал. Кеше Мемлекет басшысы «Төтенше жағдай туралы» заңға сәйкес, Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.