Жүсіп Жұмағұлов «Ақ отау» ТК тұрғындарымен кездесті
Тұрғындар абаттандыру, жылыту, жол таңбаларын салу, автобустардың маршруттарын ұзарту, көгалдандыру және т.б. мәселелерді көтерді.
Осы жылдың күзінде жылу трассасын салу жұмыстары басталады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін үй тұрғындары орталық жылуға қосыла алады, - деді Жүсіп Жұмағұлов.
Аудан әкімі кездесу барысында тұрғындар көтерген мәселелерді әкімдіктің бөлім басшыларына, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының және CTS ұйымының мамандарына орындауға тапсырды.
Осылайша, абаттандыру және қоғамдық кеңістікті дамыту бөліміне келесі жылы ауланы күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу тапсырылды.
Инфрақұрылым және перспективалы даму бөлімінің алдына жасанды кедір-бұдырларды орнату және жол таңбалар салу мүмкіндігін қарастыру міндеті қойылды. Міндеттер Әкімшілік полиция басқармасымен және КжЖКИДБ-мен бірлесіп пысықталатын болады.
Коммуналдық шаруашылық бөлімі жарықтандыру тіректерін құрылысшыдан аудан әкімдігінің теңгеріміне беру процесін жеделдетуі, сондай-ақ жақын маңдағы көшелерді санитарлық тазартуды күшейтуі қажет.
Айта кетейік, тұрғындар алға қойған барлық міндеттер бақылауда және олардың орындалуы қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінген.