00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада биылғы бес айда қанша нәресте дүниеге келді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада биылғы бес айда қанша нәресте дүниеге келді
ашық дереккөз

1 маусымдағы есеп бойынша Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны 1 262 280 адамды құрады. 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда елордалықтар саны 59 619 адамға көбейді. Биылғы 5 айда Нұр-Сұлтан қаласында 12 052 нәресте дүниеге келді. Былтырмен салыстырғанда өсім 1,5 пайызға артты, - делінген Ұлттық статистика бюросының мәлімдемесінде.

Бұдан бөлек, бюро бас шаһардағы көші-қон деректерімен де бөлісті. Оған сай, қаңтар-мамыр аралығында елордаға 54 863 адам келіп, 42 048 елордалық көшіп кеткен.