00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «NS Жас Жігер» жобасы басталды

Елордада «NS Жас Жігер» жобасы басталды
ашық дереккөз

Бұл бастама NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге, дамытуға бағытталған. Сауда орындарында және жұмыссыз жүрген жастар арасында баскетбол, волейбол және футбол бойынша турнирлер ұйымдастырылады.

«Жоба жыл соңына дейін жалғасады. Онда тек спорттық турнирлер ғана емес, мамандандырылған мектептерде әлеуметтанушылар мен психологтардың қатысуымен жасөспірімдерге, оның ішінде есепте тұрған жастарға арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған», – дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қонақбаев.

Айта кетейік, футбол турниріне елордадағы сауда орындарынан 16 команда қатысады.