00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордадағы эпидемиологиялық ахуал қандай

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы эпидемиологиялық ахуал қандай
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, елордада 22 маусымнан бастап коронавирустық инфекцияның өсуі байқалады.

145 адам инфекциялық стационарларда, төсек орындарының жүктелуі 36,8% құрайды. Реанимация бөлімшесінде 11 пациент ем алуда, оның ішінде ИВЛ аппаратында – 0, жүктемелігі - 21,5%. Соңғы 3 аптада орташа есеппен тәулігіне 100 жағдай тіркеліп, 12 адам ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі күннің өзінде 353 адамның коронавирус бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсетті. Барлық санитарлық нормаларды сақтап, вакцина алып, ревакцинациядан өту керек, - деп атап өтті ол.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаевтың төрағалығымен өтті. Жиынға «Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ басшысы Сархат Бейсенова және қалалық емханалар мен ауруханалардың директорлары қатысты.

Оқи отырыңыз: Елімізде бір тәулікте 1 257 адам коронавирус жұқтырды

Айта кетейік, қазіргі уақытта елордада 7 инфекциялық стационар жұмыс істейді, олардың төсек-орын сыйымдылығы – 394, оның ішінде КВИ емдеуге арналған 51 реанимациялық төсек-орын жабдығы бар.