00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Айына 10-15 тонна сабын өндіре аламыз – елордалық кәсіпкер

Айына 10-15 тонна сабын өндіре аламыз – елордалық кәсіпкер
ашық дереккөз

Өткен жылы Тоймереке Әбдірахманова «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант ұтып алды. Елордалық кәсіпкер қолданыстағы кәсіпті кеңейту мақсатында 2 жыл қатарынан грантқа ие болған. Есепші мамандығын бітірген жоғары білімді кәсіпкер сабын өндірісінде 5 жылдан бері жұмыс істейді.  

Менің марқұм күйеуім тұрмыстық қатты сабын жасау кәсібін бастаған еді. Кейін мен өндірісті жалғастырып, сұйық сабын өңдіруді бірге қарастыруға шешім қабылдадым. Мемлекеттік бағдарлама арқылы грантқа ие болып, өндіріске қажетті құрал-жабдықтар сатып алдым, – дейді елордалық кәсіпкер.

Сабын өндіретін кәсіпкерлік тек тендерге қатысу арқылы тапсырыс қабылдайды. Отандық өнімге сұраныс бір айда 10-20 тоннаға дейін жетеді.

Бүгінде өндіріс ошағында 4 адам жұмыс істейді. Олар тұрмыстық майлылығы 65-75 пайыз қатты сабын және бактерияға қарсы көлемі 5 литр болатын сұйық сабын өндіреді. 

«Столичное» аталатын сұйық сабынға қажетті шикізат Алматы қаласынан жеткізіледі. Ал тұрмыстық кір сабын жасау үшін шикізат қайта өңделеді. Дайын өнім еліміз бойынша жан-жаққа жеткізіледі. Сабын өндірісінде береке мен табыс тапқан елордалық әрі қарай экспортқа шығуды жоспарлап отыр.