Елорда тұрғындарын вакцинация пунктеріне жеткізетін автобустар ұйымдастырылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда тұрғындарын вакцинация пунктеріне жеткізетін автобустар ұйымдастырылды
ашық дереккөз

Вакцина алатын тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Агроқалашық, Көктал-1, Көктал-2 елді мекендерінен емханаларға дейін арнайы автобустар жүретін болады. Елорда әкімдігінің хабарлауынша автобустардың жүретін уақыты мен орындары туралы ақпаратты елді мекендердің инспекторларынан білуге болады. Агроқалашық елді мекенінің инспекторы: Ержан Жұмағұлов – 8 701 527 98 99. Көктал-1 және Көктал-2 елді мекендерінің инспекторы: Самат Топатаев – 8 702 818 88 01. Қазіргі таңда Сарыарқа ауданында орналасқан емханаларға 267 354 тұрғын тіркелген, ал олардың 253 812-сі коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды. Естеріңізге сала кетейік, індетпен күресудің ең тиімді әдісі – халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Қазіргі уақытта елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО мен СҮ-де 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді.