Елордада карантин талаптарын бұзған 29 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада карантин талаптарын бұзған 29 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөз

Қала әкімдігінің мәліметінше, 21 тамызда қаланың 29 мекемесі шектеу шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Байқоңыр ауданында карантин режимін "Табыс", "Porta fortuna" мейрамханалары, "Тортуга", "Панаехали", "Мята", "Barrus" барлары бұзды. Ал Сарыарқа ауданында орналасқан "Қарақат" кафесінде, "Чили гриль", "Sky smoke" кальянында және "Джентельмен клаб" массаж салонында карантин талаптары бұзылғаны тіркелді. Карантиндік шектеулерді бұзушылар тізіміне Алматы ауданының 10 кәсіпкерлік нысаны енді. Олардың қатарында "Мико" кафесі, "Shygys Juldyzy" мейрамханасы, "В дрова" бары, "Рыба моей мечты" караоке-бары, Егінді көшесінде орналасқан коттедж, "Тема", "Арена" компьютерлік клубтары, "Мята" бары, "Janym Soul", "Sova" караоке-клубтары бар. [caption id="attachment_97356" align="alignnone" width="1600"] Фото: astana.gov.kz[/caption] "Панаехали", "Tequila" барларында, "Veranda" жазғы террасасында, "Baoli" лаундж-барында, "Zoloto", "Carreta", "MILLIONAIRE", "Рабия" мейрамханаларында, "Алания" караоке-клубында белгіленген жұмыс режимі сақталмаған. Айта кетейік, тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды. Естеріңізге сала кетейік, елордада эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес, коронавирустың таралуының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін қала қонақтары мен тұрғындары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы керек.