Елордада 1 миллионнан астам оқулық сатып алынды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада 1 миллионнан астам оқулық сатып алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107332224902174.webp)
ашық дереккөз
«Біздің басқарма 2019-2020 оқу жылында 3 млрд теңеге 2 млн 595 мың 304 дана кітап сатып алған болатын. Сондай-ақ 2020-2021 оқу жылында оқулық алуға 2 млрд 390 млн теңге бөлінді. Ол қаржыға 1 млн 480 мың дана кітап сатып алынды. Ал биылғы оқу жылында 2 млрд 251 млн 670 мың теңге қаржыға 1 млн 116 мың дана кітап сатып алынды», - деді Дулат Шоғанбай қалалық қоғамдық кеңес отырысында.
Жалпы биыл елорданың бастауыш мектептері түгелдей жаңа кітап сатып алған. Оның барлығы жаңартылған білім мазмұнына толық сай келеді екен. Ендігі ретте мектеп оқулықтарын елорданың өзінде басып шығару мәселесі көтерілді.
Ұқсас жаңалықтар