Биыл бас қалада 15 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл бас қалада 15 жаңа мектеп пайдалануға беріледі
ашық дереккөз

Кеше «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері салынып жатқан білім нысандарының құрылысымен танысты. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев бас қаладағы мектеп тапшылығы мәселесін шешу өте маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, білім беру нысандарының уақытылы тапсырылуы қатаң бақылауда болады.

«Қазір құрылысы жүріп жатқан әр мектепті депутаттар қадағалауда. Қала күннен-күнге көркейіп, кеңейіп жатыр. Сондықтан қажеттілік те жоғары. Ал сұранысты қанағаттандыру – міндет», - деді депутат.