Бас қалада «Ashyq» жобасының көшбасшылар тізіміне 160-қа жуық мекеме кірді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бас қалада «Ashyq» жобасының көшбасшылар тізіміне 160-қа жуық мекеме кірді
ашық дереккөз

Жоба көшбасшыларының тізімін қала әкімдігі «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда (екі апталық кезеңде) QR-код арқылы тіркелген келушілердің мәліметі негізінде қалыптастырады. Тізімге енген мекемелер арасында әуежай, вокзалдар, ірі сауда ойын-сауық орталықтары, бөлек орналасқан дүкендер, мәдениет нысандары, қоғамдық тамақтану орындары, бассейндер, СПА-орталықтар және т.б. бар. «Ashyq» көшбасшысы» статусын алған жоба қатысушысы «қызыл» аймақта орналасса «сары» аймақтың шарттары бойынша, ал «сары» аймақта «жасыл» аймақтың шарттары бойынша жұмыс істей алады. «Жасыл» және «қою қызыл» аймақтардағы жоба қатысушыларына жұмыс тәртібі қосымша 2 сағатқа ұзартылады, сондай-ақ нысанның толтырылуы 10%-ға артады. Вакцинаның бірінші компонентін қызметкерлердің кемінде 90%-ы алған жағдайда, бұл орайда соңғы 3 ай ішінде медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, ауырып жазылған адамдарды есепке алмағанда нысанның толтырылуы 20%-ға көбейеді. Естеріңізге сала кетейік, жобаға қатысушылар санитарлық нормаларды толықтай сақтауы тиіс. Егер карантин талаптары бұзылса тізімнен шығарылады.