Нұр-Сұлтанда Айманов көшесінде жөндеу жұмыстары жүреді
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Жөндеу жұмыстары елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізіледі. Осыған байланысты биыл 16-20 тамыз аралығында Ш. Айманов көшесінің С.Сейфуллин көшесінен Ж.Омаров көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар