Ақтөбе облысының делегациясы елорданың жасыл белдеуімен танысты
Жасыл белдеу аумағын таныстыру барысында 2012 жылдан бастап отырғызылған әртүрлі тұқым екпелерімен бірге жерсіну және өсу қарқынын анықтау мақсатында зерттеу жүргізілді.
Делегация мүшелері елорданың жасыл белдеуінің даму барысына қызығушылық танытты, кездесуде екі тарап жасанды орман өсіру технологиясы, зиянкестер мен аурулардан қорғау және күзету бойынша тәжірибе алмасты. Жасыл алқаптардан бөлек, демалыс орындарымен (ат соқпағы, жол және сүрлеу жол жүйесі), су құю станциясымен және қырғауыл тұрағымен де танысты.
Елорданың «жасыл белдеуі» – қаланың «өкпесі», қаланың экологиялық жағдайына әсер етеді, орман ауаның сапасын жақсартуға ықпал етеді. Климаты жұмсарды, қала жел мен шаңнан қорғалған. Елорда тұрғындары мен қонақтары «жасыл белдеу» аумағына емін-еркін келіп, демала алады, - деді Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының басшысы А.Қожабаева.