00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада халықаралық Балалар кітабы күніне орай іс-шара өтеді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада халықаралық Балалар кітабы күніне орай іс-шара өтеді
ашық дереккөз

Іс-шара аясында «Кітаппен әлем мейірімді және жарқын» атты дөңгелек үстелінде шығармашылық интеллигенция ұжымы балалар әдебиетінің мәселелерін және «Оқитын ұлт» жобасы арқылы кітап оқуды қолдау шараларын талқылайды.

Сондай-ақ, «Еркетай» қуыршақ театры Т.Әбдірайымовтың «Ала бұға аулаған күн» кітабынан үзінді бойынша «Өтірік өрге басама» шағын спектаклін ұсынады.

Балалар жазушысы Зәуре Төрехан өзінің «Естен кетпес ерек күн» ертегісі бойынша «Тапқыр болсаң тауып көр» атты шағын викторина өткізеді.

«Балаларға базарлық: ертегiлерге жан бiткенде» мультфильмдер зертханасында ересектер мен балалардың қызығушылығын тудыратын қазақстандық анимациялық мультфильмдер көрсетiледi.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің серіктестері, «Фолиант» баспасы және «Big Dream» кез келген адам өзіне қызықты кітап ала алатын кітап көрмесін дайындайды.

«Күн мектебі» шығармашылық шеберханасы қолданбалы қолөнер бойынша шеберлік-сыныбын көрсетеді.

Көру қабілеті нашар оқырмандар үшін Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы арнайы аудиокітаптар дайындайды.