00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда әуежайында рейстер кешігіп жатыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әуежайында рейстер кешігіп жатыр
ашық дереккөз

Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов айтты.  

Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, бірақ рейстер кешігіп жатыр. 36 рейстің қону, 28 рейстің ұшу уақыты шегерілген. 16 рейс тоқтатылды. Оған елордадағы ауа райының қолайсыздығы және ұшақтың кешігіп келуі себеп, - деді ол.

Сондай-ақ Шалекенов жолаушылардан әуежайдың ақпараттық қызметтері мен әуекомпанияның байланыс орталықтарынан рейстердің кешігуі, сондай-ақ тоқтатылуы туралы ақпаратты нақтылап алуды айтты.

Кешеден бері әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағында да қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жолдарда көктайғақ болғандықтан, жолаушылардан сақ болуды сұраймыз, - деді ол.