00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда әкімі құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлердің үлескерлерімен кездесті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әкімі құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлердің үлескерлерімен кездесті
ашық дереккөз

Бұл үш көппәтерлі тұрғын үй кешенінде шамамен 1,5 мың үлескер отбасы бар.

Бұл нысандар жайында Көлгінов:

«Садовые кварталы» тұрғын үй кешені – құрылысы 2013 жылы басталған. Бірақ 2014 жылы іргетасының қадалары тұрғызылған күйінде ғана қалды. Бүгінге дейін осы нысанның үлескерлерімен тек қазаншұңқырдың маңында кездескенбіз. Одан бері ауқымды жұмыс жүргізілді: техникалық тексеру өткізіліп, құрылысы жанданды, ал ең маңыздысы – инвесторлар жұмылдырылды. «Садовые кварталы» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Нысанның құрылысы жеке инвесторлар есебінен салынып жатыр.

«Комсомольский» тұрғын үй кешені 7 жыл бұрын проблемалы нысанға айналды. Мұнда пәтерлерді 600-ден аса үлескер отбасы алған. Қазіргі уақытта нысанда витраждарды монтаждау, терезелер орнату, лифт жабдықтарын монтаждау, инженерлік желілерді орнату және т.б. жұмыстар жүріп жатыр.

«Аниса» тұрғын үй кешені – сегіз жылдық тарихы бар нысан. Бұл нысанға да инвесторлар тарттық. Олар өз қаражаты есебінен нысанның құрылысын аяқтайды. Мәселен, 1 және 2-блоктарда қабырғаларын қалау жұмыстары, 5 және 6-блоктарда монолитті жұмыстар жүріп жатыр, – деп жазды постында.

Үлестік құрылыстарды аяқтау мәселесін Мемлекет басшысы тікелей назарында ұстап отыр. 2019 жылдың жазында проблемалы 150 көппәтерлі тұрғын үй кешені болса, қазір оның 90-ны аяқталды. Қалған нысандар бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар.