00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-іне 6 млн теңгеден астам айыппұл салынды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Астанаэнергосбыт» ЖШС-іне 6 млн теңгеден астам айыппұл салынды
ашық дереккөз

Жоспардан тыс тексеру барысында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзу фактілері анықталды.

Осылайша, «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2021 жылғы қараша, желтоқсан айларында және 2022 жылғы қаңтар айында тұтынушыларға Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 64-тармағына сәйкес орташа тәуліктік есептеу бойынша көрсеткіштер қойған.

Ал, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Электр энергетикасы туралы» ҚР заңы және Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеуі коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде жүргізілетінін айтады.

Нәтижесінде, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 167-бабы бойынша, 6 126 000 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сонымен қатар, ТМРКД Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығарды, онда электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері бойынша тұтынушыларға қайта есептеу жүргізу көзделген, – делінген хабарламада.

Алайда, «Астанаэнергосбыт» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, материалдарды Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға беру туралы өтініш жасады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы департамент шығарған нұсқамаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, жоғары тұрған органға шағым жасалды.